Чемпионат Оқу-ағарту министрлігінің «Talap» КЕАҚ және Маңғыстау облысы білім беру басқарамасының қолдауымен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Мақсаты - жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, жастардың кәсіби дағдыларын дамыту және электроника, мобильді робототехника мен өнеркәсіптік прототиптеу саласында кадрлар даярлаудың халықаралық стандарттарын енгізу.
Чемпионатта Қытай, Сауд Арабиясы, Австрия, Ресейден 25-тен астам шетелдік сарапшылар мен қатысушылар және Қазақстаннан 100-ден астам сарапшылар мен қатысушылар бас қосты.
Үш күн ішінде Х.Өзбекалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің базасында тренингтік сессиялар мен шеберлік сыныптары өткізіледі.
Чемпионат аясында Араб Әмірліктерімен, Ресеймен және Австриямен техникалық және кәсіптік оқу бағытында ынтымақтастық орнату үшін келіссөздер жүргізіледі.