Маңғыстау облысында 218 миллион теңге салықтан жалтару фактісі анықталды

3014
Фотосурет: © Sputnik / Максим Маслов

Маңғыстау облысының прокуратурасымен салық заңнамасының сақталуына талдау жүргізілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мүліктік табыстан 218 миллион теңге көлемінде салық төлеуден жалтару фактісі анықталды.

Салық кодекстің 330-бабына сәйкес, жеке тұлғаның салық салынатын мүліктік кірісіне Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс жатады.

Алайда заң талаптары мен салық органы жолдаған хабарламаларға қарамастан, салық төлеуші салықтық тексеру нәтижесінде есептелген соманы төлеу жөніндегі міндеттемесін орындамаған.

Аталған факті бойынша облыс прокуратурасымен Қылмыстық кодекстің 244-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергелуде. 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -