Жеңістің 80 жылдығы мен әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында 55065 әскери бөлімінде "Бөбек" гуманитарлық колледжінің студенттерімен ашық есік күні өткізілді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Іс-шара барысында студенттер әскери бөлімнің құрылымымен, жауынгерлік дайындықпен және әскери қызметшілердің күнделікті өмірімен танысты. Әскери техникалар мен қару-жарақтар көрсетіліп, арнайы әскери көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар, студенттерге патриоттық рухты көтеруге бағытталған концерттік бағдарлама ұсынылды.
Аталған іс-шара жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға, әскери қызметке қызығушылығын оятуға және патриоттық сана-сезімін нығайтуға бағытталған.