Өскеменде 200-ге жуық сарбаз үйлеріне қайтты

2717
Фотосурет: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518  әскери бөлімінде екі жүзге жуық   сарбаз  Отан алдыңдағы борышын өтеп шықты. Олар Ұлттық ұлан сапына Алматы, Абай, Павлодар, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарымен  және Астана қаласынан шақыртылған болатын. Шара барысында қызметтегі  үлгілі  тәртібі үшін мерзімді әскери қызметшілерге  алғыс хаттар табысталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

-  Сарбаздардың біразы өмірлерін әскери саламен байланыстыруға ықылас танытуда. Әзірше, сегіз азамат келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғастыруға ниет білдірді. Сондай-ақ Отан алдындағы борышын абыроймен өтеген тоғыз сарбаз "әскери міндеттілер 2.0" сандық платформасы арқылы жоғары білім алудың таптырмас мүмкіндігіне ие болды. Әскери бөлім командирі тегін білім алу сертификатын сарбаздарды шығарып салу рәсімінде салтанатты түрде табыстады - дейді әскери бөлім командирінің орынбасары майор Серік Ноғаев.

Отан алдындағы борышын мінсіз атқарған сарбаздың бірі Дәуренбек Тілеутай. Қатардағы жауынгер Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен білім алмақ. Университет қабырғасында шәкіртақы алатын сарбаздың білім ордасының жатақханасына орналасу мүмкіндігі де  қарастырылған. Әскери бөлімге сарбаздардың келесі легі Абай, Алматы, Павлодар, Жетісу  өңірлерінен келеді. Әскери қызметшілердің айтуынша, сарбаздар Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу кезінде моральдық сондай-ақ   физикалық жағынан  шыңдалып, өзіне жүктелген барлық қызметтік тапсырманы жоғары деңгейде   орындаған.  

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -