Fly Arystan Алматыдан Бахрейнге тікелей рейстерді іске қосты

1760
Фотосурет: Fly Arystan

ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті ұшулар географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша ұшулар санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ағымдағы жылдың 5 маусымынан бастап «Fly Arystan» әуе компаниясы Алматы – Манама (Бахрейн) бағыты бойынша маусымдық рейстерді орындай бастайды. Рейстер аптасына бір рет орындалатын болады.

Бахрейнге әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы туризм, мәдени және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -