Реттеуші Алматыда МҚҰ қызметін тоқтатты

3025
Фотосурет: press@finreg.kz

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Алматы қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасы басшысының 2025 жылғы 4 маусымдағы бұйрықтарына сәйкес, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын келесі ұйымдардың лицензиялары 3 ай мерзімге тоқтатылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

  • «МҚҰ «Hava Finance» (Хава Финанс)» ЖШС - №35 бұйрық;
  • «МҚҰ «POS Credit» (ПОС Кредит)» ЖШС - №36 бұйрық;
  • «МҚҰ «SF Offline» (СФ Оффлайн)» ЖШС - №37 бұйрық;
  • «МҚҰ «Салем Кредит» ЖШС - №38 бұйрық.

«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес лицензияның қолданылуын тоқтата тұру үшін пруденциалдық нормативтерді және (немесе) өзге де міндетті нормалар мен лимиттерді бұзу негіз болды.  

«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы  7 тармағының талаптарына сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы жаңа шарттар жасасуына, оның ішінде микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттардың қолданылу мерзімін ұзартуына және оларды микроқаржы ұйымының міндеттемелері мен жауапкершілігін, сондай-ақ қарыз алушының міндеттемелері мен жауапкершілігін ұлғайтуды көздейтіндей етіп өзгертуіне тыйым салуға алып келеді. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы тоқтатыла тұрған микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы бұрын жасалған шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.

Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар МҚҰ клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес МҚҰ алдындағы міндеттемелердің орындалмағаны үшін жауапты болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -