Есіл өзені қайта тірілуде — СҚО-ға миллиардтаған текше метр су жіберілді

2222
Фотосурет: ҚР Су ресурстары және ирригация Министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысының экожүйесін сақтау үшін Есіл өзені арқылы 4 млрд текше метрден астам су жіберілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Табиғатты қорғау мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі Есіл өзеніне Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасынан 4 млрд текше метрден астам су жіберді.

Жыл сайын жүргізілетін санитарлық және табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберулер Есіл өзенінің аңғарындағы флора мен фаунаның тіршілік ортасын және биологиялық алуан түрлілікті сақтауға бағытталған. Сонымен қатар бұл су ағызулар өзен арнасын тазартуға да көмектеседі.

«Бүгінде Есілдің орта ағысында балықтардың табиғи уылдырық шашатын жерлері суға толып тұр. Табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберулер – экологияны сақтауға, өңірдегі ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығының дамуына көмектеседі. Ал бұл өз кезегінде жергілікті халықтың тұрмысын жақсартуға оң әсер етеді» Есіл бассейндік инспекциясының басшысы Ғалидолла Азидуллин

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -