Қазақстанды найзағай, аптап және шаңды дауылдар күтіп тұр

1199
Тимур Раев Тілші

5–7 маусым аралығында елімізде қауіпті ауа райы кезеңі басталады. Аптап ыстық, шаңды дауылдар, бұршақ, найзағай және желдің 28 м/с дейін күшеюі – осындай күрделі метеожағдайлар Қазақстанның көптеген өңірлерінде күтілуде. Синоптиктердің хабарлауынша, бұл күндері республиканың басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды.

Тұрғындарға табиғаттың тосын мінезіне байланысты барынша сақ болу ескертілуде. Әр аймақта ауа райы күрт құбылып, аптап ыстықтан бастап нөсер жаңбыр мен дауылды желге дейін түрлі құбылыстар байқалады.

Атап айтқанда, бірқатар облыстарда орман және дала өрттерінің қаупі өте жоғары деңгейде сақталып отыр. Бұл жағдай экологиялық және тұрмыстық қауіпсіздікке айтарлықтай қатер төндіреді.

Дауылды ескертулер сақталады:

      05 маусымда Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі.
05-07 маусымда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
05-07 маусымда облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Талдықорған қ.: 05-07 маусымда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі:

07 маусымда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Астана қ.: 07 маусымда таңертең және күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.
Көкшетау қ.: 07 маусымда кей уақыттарда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі.

07 маусымда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз  күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
Петропавл қ.: 07 маусымда түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с.

07 маусымда күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың орталығыңда жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды.
Қостанай қ.: 07 маусымда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жоғары өрт қауіпі сақталады.

07 маусымда күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Павлодар қ.: 07 маусымда күндіз найзағай күтіледі.
Жоғары өрт қауіпі сақталады.

07 маусымда күндіз Атырау облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.
Облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі, оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде  төтенше өрт қауіпі сақталады.
Атырау қ.: 07 маусымда күндіз найзағай күтіледі.
Төтенше өрт қауіпі сақталады.

07 маусымда күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтау қ: 07 маусымда күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қауіпі сақталады.

07 маусымда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе қ.: 07 маусымда кей уақыттарда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Жоғары өрт қауіпі сақталады.

07 маусымда түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

07 маусымда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Қарағанды қ.: 07 маусымда күндіз найзағай күтіледі.

07 маусымда күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жезқазған қ.: 07 маусымда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 16 м/с.
Жоғары өрт қауіпі сақталады.

07 маусымда Түркістан облысынның оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.  Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с.
Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі, солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шымкент қ.: 07 маусымда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Түркістан қ.: 07 маусымда кей уақыттарда шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 
Төтенше өрт қауіпі сақталады.  

07 маусымда Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл, облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда қ.: 07 маусымда күндіз найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қауіпі сақталады.

07 маусымда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың басым бөлігінде  жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қонаев қ.: 07 маусымда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Жоғары өрт қауіпі сақталады.

07 маусымда Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с күтіледі.
Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 07 маусымда кей уақыттарда найзағай күтіледі.
Жоғары өрт қауіпі сақталады. 

07 маусымда Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.
07 маусымда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Талдықорған қ.: 07 маусымда оңтүстік-батыстан жел күтіледі, күндіз екпіні 15-20 м/с.

07 маусымда күндіз Абай облысының оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

07 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -