Прокуратурасы, облыс әкімдігі және О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті арасында үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Іс-шараға 80-нен астам студент, профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ облыс прокуроры Жасұлан Еламанов және облыс әкімінің орынбасары қатысты.
Тараптар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық тәртіпті нығайту және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық деңгейін төмендету бағытында бірлесіп жұмыс істеуге келісті.
Меморандум аясында студенттер мектептер мен колледждерде дәрістер мен кездесулер өткізетін болады. Олар оқушыларға есірткінің, алаяқтықтың, буллингтің және басқа да құқықбұзушылықтардың салдары туралы айтып береді.
Әрбір студентке прокуратураның тәжірибелі қызметкері жетекшілік етіп, қажетті материалдармен қамтамасыз етіп, дәрістерді дұрыс құрастыруға көмектеседі.
Студенттердің алдын алу шараларына тікелей қатысуы ақпаратты жасөспірімдерге түсінікті әрі сенімді етіп жеткізуге мүмкіндік береді. Себебі көбінесе құрдастардың ықпалы анағұрлым тиімді болатыны белгілі.
Ұлытау облысының прокуратурасы мұндай өзара іс-қимыл мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындары арасындағы тиімді профилактикалық жұмыс үлгісіне айналып, өңірдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға ықпал етеді деп есептейді.