Қазақстанда аумақтық қорғаныс жүйесі жетілдірілуде: қандай өзгерістер болады?

1683
Фотосурет: ©️ Н.Байбулин/Сенаттың Баспасөз қызметі

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» заңды және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарап, мақұлдады, деп хабарлайды DKnews.kz

Суретті түсірген: Н.Байбулин

Суретті түсірген: Н.Байбулин

Аталған заңдар аумақтық қорғаныс жүйесінің жұмысына арналған нормативтік база қалыптастыруды көздейді. Олар Президенттің, Үкіметтің және Қорғаныс министрлігінің өкілеттіктерін бекітеді және меншік түріне қарамастан басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың рөлін анықтайды. Заңда қамтылған негізгі «ерікті» және «өзін-өзі қорғауды қалыптастыру» ұғымдары Қазақстан Республикасының қорғаныс жүйесіндегі жаңашылдық екенін атап өткен жөн.

Суретті түсірген: Н.Байбулин

Суретті түсірген: Н.Байбулин

«Мақұлданған заңдар мемлекеттің аумақтық қорғаныс жүйесін жетілдіру және осы саладағы қоғамдық қатынастарды заңнамалық деңгейде реттеу мақсатымен әзірленген. Жаңа заңда аумақтық қорғаныстың мақсаты мен міндеттері және қағидаттары мен іс-шаралары айқындалды. Аумақтық қорғаныс жүйесін ұйымдастыруға жауапты барлық тараптың міндеттері мен құзыреттері де белгіленді. Сондай-ақ саланы мемлекеттік бақылау жүйесі жан-жақты реттеліп отыр. Алдағы уақытта бұл заңдар аумақтық қорғаныс жүйесінің әлеуетін күшейтуге және еліміздің қорғаныс қабілетін арттыруға оң септігін тигізеді деп сенеміз»  Мәулен Әшімбаев 

Сонымен қатар Палата отырысында сенаторлар өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады.

Суретті түсірген: Н.Байбулин

Суретті түсірген: Н.Байбулин

Айнұр Арғынбекова паллиативтік көмек жүйесін реформалау мәселесіне тоқталды. Атап айтқанда, депутат 2026-2030 жылдарға арналған стратегия әзірлеуді, ауырсынуды басатын дәрілерге қол жеткізуді жеңілдетуді, емделушілердің есебін цифрландыруды, тарифтер мен лицензиялауды қайта қарауды және мемлекеттік саясат деңгейінде жүйелі шешімдер қабылдау үшін ведомствоаралық топ құруды ұсынды.

Суретті түсірген: Н.Байбулин

Суретті түсірген: Н.Байбулин

Сұлтан Дүйсембинов бау-бақша шаруашылығындағы өзекті проблемаларға назар аударды. Ол инфрақұрылымның тиісті деңгейде болмауын, көшет тапшылығын, өңдеудің төмендігін, мемлекеттік қолдаудың тиімсіздігін және импортпен бәсекелестікті тілге тиек етіп, Үкіметті аталған саланы жүйелі реформалауға шақырды. Сондай-ақ сенатор кедендік баждарды енгізуді, кооперацияны дамытуды, питомниктерді субсидиялауды, цифрлық технологияларды енгізуді және секторды одан әрі жетілдірудің бірыңғай стратегиясын әзірлеуді ұсынды.

Әсем Рахметова еліміздегі архив ісінің дағдарыстық жағдайына алаңдаушылық білдіріп, аталған саладағы инфрақұрылымға, цифрландырудың төмен деңгейіне, кадрлардың тапшылығына және мардымсыз қаржыландыруға қатысты түйткілдерді атап өтті.

Ләззат Рысбекова ҚТЖ-ның Орал бөлімшесін таратудың салдары туралы айтып, осы мәселеге Үкіметтің назарын аударды. Депутаттың сөзіне қарағанда, бұл шешім логистикаға, бизнеске және өңірлік экономикаға кері әсерін тигізген. Сенатор тасымалдарды тиімді басқару, салық түсімдерін ұлғайту және Батыс Қазақстан облысының транспорттық орнықтылығын арттыру үшін Оралдағы филиалды қалпына келтіруді ұсынды.

Руслан Рүстемов балалар әдебиетін дамытудың ұлттық стратегиясын қабылдаудың, цифрлық платформа құрудың және мобильді кітапханалар арқылы қолжетімділікті кеңейтудің маңызды екенін атап өтті. Сенатор жас авторлар мен баспагерлерге қолдау көрсетудің нақты тетіктеріне де тоқталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -