ЕО қазақстандық балды мойындады: қай елдерге экспорт жолы ашылады

1133
Фотосурет: Gov

Қазақстан ара шаруашылығы өнімдерін экспорттау әлеуетін дамыту жолында маңызды қадам жасады: Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданында орналасқан «SUN-BEE ALTAI» ЖШС еліміздегі алғашқы ара шаруашылығы өнімі мен бал өндіруші кәсіпорын ретінде Еуропалық Одақтың ресми тізіліміне – Honey and other apiculture products establishments (HON) енгізілді, деп хабарлайды DKnews.kz

Бұл жетістік Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті және кәсіпорынның өзі тарапынан өндірістік үдерістерді Еуропалық Одақтың ветеринариялық-санитариялық талаптары мен стандарттарына толық сәйкестендіру бойынша көпжылдық жүйелі жұмыстың нәтижесінде мүмкін болды.

Қазақстаннан балды Еуропалық Одақ елдеріне экспорттау мүмкіндігі 2025 жылғы 21 ақпандағы Еуропалық комиссияның қаулысы жарияланғаннан кейін, 2025 жылғы 12 наурыздан бастап ресми түрде ашылды.

«SUN-BEE ALTAI» ЖШС-нің HON тізіліміне енгізілуі кәсіпорынға Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланды, Австрия, Испания, Польша, Чехия, Словакия, Словения, Латвия, Литва, Эстония, Венгрия, Финляндия, Швеция, Дания, Португалия, Грекия, Болгария, Румыния, Хорватия, Ирландия, Кипр, Люксембург және Мальта мемлекеттеріне экспорт жасау құқығын береді.

Комитет алдағы уақытта да Қазақстанның ара шаруашылығы өнімдерін экспорттау әлеуетін арттыру мақсатында еуропалық нарыққа шығуға мүдделі кәсіпорындарға қолдау көрсетіп, тиісті инспекциялар жүргізуді жалғастырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -