Биыл 2,1 млн гектар алқапта химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бүгінгі күні оның 1,4 млн гектары өңделді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Іс-шараларға 443 бірлік арнайы бүрку техникасы тартылған. Химиялық өңдеу жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде.
Түркістан облысында күрес шаралары толық аяқталды: 371,79 мың гектар алқап өңделді. Ақтөбе облысында – 268,12 мың га, Қостанай облысында – 258,97 мың га, Жетісу облысында – 51,81 мың га, Жамбыл облысында – 74,48 мың га, Батыс Қазақстан облысында – 136,66 мың га, Қызылорда облысында – 50,01 мың га алқап өңделді.
Қалған өңірлерде жұмыстар жалғасуда.