Қазақстандықтар спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында үш бірдей медаль жеңіп алды.

1397
Фотосурет: t.me/olympickz

8 маусымда, Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан Азия чемпионатының соңғы күні өтіп жатыр.

Жарыс аясында жасөспірімдер арасындағы финалдық бәсекелер өтті. Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды.

Қос қазақстандық спортшы ат снарядындағы жаттығуда өнер көрсетті. Роман Хегай төрешілердің шешімімен 13.800 ұпай жинаса, Нұртан Ыдырысов 12.866 ұпайға ие болды. Үздік үштікті жапониялық Харутоши Очаи 12.666 ұпаймен түйіндеді.

Сондай-ақ, Ыдырысов қоссырықтағы жаттығуларда ең үздік нәтиже көрсетіп, 13.933 ұпайға ие болды.

Айта кетейік, жасөспірімдер құрамасы командалық көпсайыста үшінші орын алды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -