Орталық Азияның стартаптары үшін АҚШ нарығына шығу мүмкіндігі ашылды

1705
Фотосурет: Astana Hub

Astana Hub IT Park Uzbekistan, Silkroad Innovation Hub және Alchemist Accelerator ұйымдарымен бірлесіп, Қазақстан мен Өзбекстанның цифрландыру министрліктері мен венчурлік қорларының қолдауымен AlchemistX & Silicon Valley Residency Program бағдарламасының екінші легінің басталғанын хабарлайды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бағдарлама Орталық Еуразиядағы стартаптарға АҚШ нарығына жедел шығуға және жаһандық технологиялық индустрияның жетекші өкілдерімен серіктестік орнатуға мүмкіндік береді.

Өтінімдер 2025 жылдың 11 шілдесіне дейін сілтеме арқылы қабылданады.

Төрт айға созылатын бағдарлама аясында қатысушылар Кремний алқабының инновациялық экожүйесіне толыққанды енеді: венчурлік серіктестерден жеке менторлық қолдау алады, салалық іс-шараларға қатысады, АҚШ нарығына шығуға бағытталған практикалық сессиялардан өтеді және инвесторлар алдында өтетін финалдық Demo Day-ге қатысады.

«AlchemistX & Silicon Valley Residency бағдарламасы Орталық Еуразия стартаптарының Кремний алқабынан тек білім алып қана қоймай, оның экожүйесіне тең дәрежеде кіріге алатынын дәлелдеді. Өткен лектің қорытындысы бойынша 22 команда $1,4 миллион инвестиция тартып, $380 мың сомасында коммерциялық келісімдер жасасты. Бұл стартаптардың 2025 жылға жоспарланған жиынтық табысы $17 миллионды құрап отыр. Мұның өзі өңірлік әлеуеттің жоғары екенін ғана емес, нақты бизнес-шешімдерді ілгерілетуге бағытталған тиімді акселерациялық бағдарламалардың маңызын айқын көрсетеді. Біз түлектердің АҚШ нарығына шығып, ұзақ мерзімді келісімдер жасасып, бағдарламадан кейін де тұрақты өсім көрсетіп жатқанын көріп отырмыз – дәл осы нәтиже біздің басты мақсатымыз»і Танат Өскембаев, Astana Hub басқарушы директоры

Бағдарламаға қатысу үшін жоба Қазақстан немесе Өзбекстанда тіркеліп, Astana Hub, AIFC немесе IT Park Uzbekistan резиденті болуы тиіс. Сонымен қатар стартап негізін қалаушыларының АҚШ-та болуы және ағылшын тілін еркін меңгеруі міндетті. Биыл AlchemistX бағдарламасына Қазақстан мен Өзбекстаннан келген стартаптар қатыса алады, ал Silicon Valley Residency бағдарламасы конкурстық іріктеуден өткен барлық Орталық Еуразия елдерінің жобалары үшін қолжетімді.

AlchemistX & Silicon Valley Residency бағдарламасы және өтінім беру туралы толық ақпаратты alchemistsvr.com сайтынан, ал бірінші лек қатысушылары жөніндегі деректерді astanahub.com платформасынан таба аласыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -