«Мемлекеттік тіл – менің тілім!» атты байқаудың екінші кезеңі өтті

1925
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Жамбыл облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Тараз қаласындағы 5513 әскери бөлімінде «Мемлекеттік тіл – менің тілім!» атты байқаудың екінші кезеңі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шараға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің өзге ұлт өкілдері белсенді қатысты.

Байқаудың басты мақсаты – әскери қызметшілер арасында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, қазақ тіліне деген құрметті артыру, сондай-ақ тіл мәдениетін қалыптастыру болатын.

Қазылар алқасына «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Атабек Салихбаев жетекшілік етті. Қазылар құрамында әскери сала мамандары ғана емес, мәдениет және қоғамдық ұйымдардың өкілдері де болды. Бұл байқаудың әділ әрі мазмұнды өтуіне өз үлесін қосты.

Байқау нәтижесінде:

  •  1 орын – 5571 әскери бөлімінің (Алматы қаласы) әскери қызметшісі кіші сержант Роллан Бондаренкоға бұйырды.
  •  2 орынды – 3650 әскери бөлімінің (Алматы қаласы) әскери қызметшісі ефрейтор Пархат Сеит иеленді.
  •  3 орынды – 5514 әскери бөлімінің (Талдықорған қаласы) қатардағы жауынгері Мирас Бехтольд пен 5574 әскери бөлімінің (Түркістан қаласы) аға сержанты Эркинбой Шамуратов өзара бөлісті.
  •  Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы сыйлығына 5547 әскери бөлімінің (Қызылорда қаласы) әскери қызметшісі сержанты Сергей Образцов лайық деп танылды.

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бұл тағлымды шара – ел бірлігінің негізі саналатын тілге деген құрметтің нақты көрінісі болды. Қатысушылар мен көрермендер үшін байқау ерекше рухани серпіліс сыйлап, мемлекеттік тілдің мерейін арттырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -