Тоқаев Португалия Президентін ұлттық мерекесімен құттықтады

2783
Фотосурет: Аkorda

Мемлекет басшысы Португалия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды DKnews.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаны осы елдің ұлттық мерекесі – Португалия күнімен құттықтады. 

Президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген байланыстың жетістікке толы боларына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаның жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, достас португал халқына құт-береке тіледі. 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -