Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 6679 әскери бөлімі Павлодар қаласының оқушыларына арнап ашық есік күнін ұйымдастырды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Шара мақсаты - жасөспірімдерді патриоттық тәрбиеге баулу, елдің тыныштығын сақтау олардың азаматтық борышы екендігін түсіндіру. Ұлы Жеңістің сексен жылдығы аясында ұйымдастырылған іс-шарада оқушылар үшін әскери бөлімнің саптың алаңында заманауи үлгідегі қару-жарық пен әскери киім үлгілерінен тұратын көрме ұсынды. Көрмеге қатысушылар атыс қаруларына таңданыспен қарап, тіпті әр түрлі киім үлгілерін киіп көру мүмкіндігіне де ие болды. №39 орта мектептің оқушысы Әлібекті қызықтырған броньді кеудеше. Ол аталмыш арнайы қорғаныс костюмін киіп, өзін бір сәтке минасыздандыру саласының маманы ретінде сезініп көрді. Мектеп оқушысы күні ертең ел шекарасын күзеткісі келетіндігін де жасырмай баян етті. Білім алушылар ашық есік күні аясында казармадағы үй-жайларды аралап, әскери асхананы тамашалады. Ауқаттану нысанында олар сарбаздарға арналған ас мәзірімен танысты.
- «Ашық есік» - Ұлы Жеңістің сексен жылдығына арналады. Себебі мерейлі мереке жыл көлемінде жоғары деңгейде аталып өтуі тиіс. Оқ пен оттың арасында арпалысқан бабалар ерлігі ұрпақ жадында мәңгілік жаңғырту біздің межелі мақсатымыз болып табылады. Тағылымды шара аясында оқушыларға әскери тәртіп туралы, сондай-ақ әскери қызметтің, жауынгерлік және оқу-жауынгерлік тапсырмалардың өту тәртібі туралы айтып түсіндірілді. Әскери - патриоттық тәрбие беру – жастарға өз елі мен Отанын сүюге үйрететін, оларды адалдыққа тәрбиелеудегі басым бағыттардың бірі болып табылады, - дейді 6679 әскери бөлімінің әскери бөлімінің орынбасары майор Назбек Мәліков.