Қазақстанға елдің орталығында фармацевтикалық хаб қажет — сарапшылар пікірі

3674
Фотосурет: Astana International Trade Forum

Фармацевтикалық хабты Астанада құру қажет  

Astana International Trade Forum аясында сөз сөйлеген «GxP Training» ЖШС басқарушы директоры Әділжан Ойшынов Қазақстанда фармацевтикалық хабты Астана қаласында орналастыруды ұсынды. «GxP Training» компаниясы фармацевтикалық стандарттарды енгізу бойынша консалтингтік қызмет көрсетумен айналысады.

Қазіргі таңда елдегі негізгі фармацевтикалық орталық Алматы қаласында орналасқан, мұнда халықаралық ірі фармкомпаниялардың басым бөлігі шоғырланған.

«Орналасуы бойынша бұл аса тиімді дей алмаймын. Алматыдан өнімді өңірлерге - Астанаға, Қарағандыға, Атырауға, Ақтөбеге, Шымкентке жеткізу ұзақ уақыт алады.  Хабты Астанада орналастыру әлдеқайда тиімді болар еді, өйткені Астана елдің географиялық оталығында орналасқан. Оған қоса, фармацевтикалық өнімді тексеретін басты мемлекеттік орган да Астанада. Барлық есептер мен  тексеріс материалдары осында жіберіледі және соңғы әрі нақты шешім де ел астанасында қабылданады» Әділжан Ойшынов

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -