Қауіпсіздіктің заманауи тәсілдері: азаматтарды қорғауға арналған инновациялар

3058
Фотосурет: Gov

Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде азаматтардың қорғалу деңгейін арттыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған қауіпсіздік шаралары туралы халықты ақпараттандырудың заманауи әдістері белсенді енгізілуде, деп хабарлайды DKnews.kz.

Құтқарушы терезеге блокиратор орнатуда

Құтқарушылар профилактикалық жұмыс жүргізуде

  Мәселен Абай облысында Төтенше жағдайлар департаменті домофон компаниясымен бірлесе отырып, алдын алу жұмыстарының инновациялық форматын — көппәтерлі үйлердегі домофон жүйелері арқылы ескерту аудио және бейне хабарламаларын таратуды енгізді. Бұл тәсіл кең аудиторияны жедел қамтуға және қауіпсіздік мәселелері бойынша ақпаратты халыққа уақтылы жеткізуге мүмкіндік береді.

Шомылуға тыйым салу белгісі

  Шығыс Қазақстан облысында балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Балалар жарақатының алдын алу мақсатында ТЖ департаменті ірі құрылыс компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісімге сәйкес құрылыс салушы тұрғызатын көп қабатты үйлердің терезелерінде терезе блокираторлары  мен шектегіштерді міндетті түрде орнату көзделеді. Бұл балалардың терезеден құлау қаупін едәуір азайтады және балалары бар отбасылар үшін қауіпсіз өмір сүру жағдайын қамтамасыз етеді. Құтқарушылар мұндай серіктестік ұқсас кәсіпорындар үшін маңызды қадам және үлгі болады және қауіпсіздік мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді деп санайды.

  Шымкентте шомылу кезіндегі қауіп-қатер туралы азаматтарды ескертудің жаңа тәсілі енгізілді. ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті қалалық ТЖ департаментімен бірлесіп су айдындарына орналастыру үшін ескерту белгісінің инновациялық түрін сынады. Жаңа шешім арзан, бөлшектеуге төзімді және кез келген беткейге оңай орнатылады. Мұндай бастама шомылу маусымында қауіпсіздік деңгейін арттыруға көмектесіп, еліміздің басқа өңірлерінде де тарала бастады.

  Ақпараттандыру мен алдын алудың кешенді тәсілі төтенше жағдайлар мен жазатайым оқиғалардың санын азайтудың кепіліне айналады. Заманауи технологияларды пайдалану және бизнеспен серіктестік жаңа қауіпсіздік форматтарының тиімділігін растайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -