Шымкентте жаңа штаб бастығы - 6506 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары тағайындалды

4763
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» ӨңҚ

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының бұйрығына сәйкес штаб бастығы – Шымкентте орналасқан 6506 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары лауазымына полковник Елеусизов Нурлыбек Сунятсонович тағайындалды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жаңадан тағайындалған офицерді бригаданың жеке құрамына «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары полковник Игорь Поповский таныстырды. Ол полковник Нурлыбек Елеусизов әскердегі қызмет өткеру тәжірибесін пайдалана отырып, алдына қойылған барлық міндеттерді орындайтынына сенім білдірді.

Полковник Нурлыбек Сунятсонович Елеусизов 1977 жылы 13 қыркүйекте Қызылорда облысында дүниеге келген. 1998 жылы ҚР ҚК Алматы Жоғары шекаралық командалық училищесін «Қызметтік-жауынгерлік әрекетті басқару» мамандығы бойынша, 2009 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің жалпы әскери академиясын «Әскерлердің жауынгерлік іс-қимылдарын (жедел және жауынгерлік даярлығын) басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Қызметті 5546 әскери бөлімінің патрульдік взводының командирі болып бастады. Әр жылдары взвод командирінен бастап ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығы бас штабының жауынгерлік қызмет Бас басқармасы бастығының орынбасарына дейін қызмет атқарды.

Айта кетейік, 6506 әскери бөлімі оңтүстік өңірде орналасқан Ұлттық ұланның ірі бөлімшелерінің бірі болып табылады. Күн сайын жедел бригаданың бес жүзге жуық сарбазы Шымкент қаласының көшелерінде қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жауынгерлік қызметін атқарады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -