Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Air Astana және FlyArystan бағыттарының өзгеруі

3036
Фотосурет: t.me,PR_AirAstanа

Air Astana тобы Иран мен Ирак әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір Air Astana және FlyArystan тұрақты және чартерлік рейстерінің бағытындағы өзгерістер туралы жолаушыларды хабардар етеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха, Манама және Мединаға рейстер Иран мен Ирак әуе кеңістігін айланып ұшады.

Air Astana жағдайды мұқият бақылайды және кейінгі өзгерістер туралы хабардар етеді.

Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұраймыз, себебі рейстердің кестесінде өзгертулер болуы мүмкін.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -