Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидаларының қызметін анықтау және тоқтату бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды DKnews.kz.
2025 жылдың басынан бері
- жалған инвестициялық жобалар туралы ақпарат таратқан 7 мыңнан астам интернет-сайт бұғатталды;
- жалпы аудиториясы 276 мың адамды құраған Instagram және Telegram желілеріндегі 43 заңсыз чат жабылды;
- 86 мыңнан астам азаматты тартқан 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды;
- 19 қаржы пирамидасына қатысты 46 сотқа дейінгі тергеу аяқталды;
- 12,5 млрд теңге сомасына мүлікке тыйым салу арқылы келтірілген шығынды өтеу қамтамасыз етілді.
Айта кету керек, 2021 жылдан бері 100-ден астам қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылған.
227 ұйымдастырушы нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Айта кетейік, АФМ-нің «Baiqa, piramida!» атты Telegram-боты арқылы кез келген компанияның қаржы пирамидасына қатысы бар-жоғын тексеруге болады.
Егер сіз немесе жақындарыңыз осындай ұйымдардың әрекетіне тап болсаңыздар — тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласыңыз.
Азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы схемаларына салмауға шақырамыз.