Қазақстанның әскери теңізшілері Бахрейнде су асты миналарын тазарту курстарында біліктілігін арттырды

1991
Фотосурет: Gov

ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бес әскери қызметшісі Бахрейн Корольдігінің Манама қаласында су асты миналарын тазарту бойынша халықаралық курстарға қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Парсы шығанағы акваториясында практикалық сүңгу барысында әскери қызметшілер су астындағы жарылғыш заттарды анықтау және бейтараптандыру тактикасын пысықтады.

– Мұндай іс-шараларға қатысу озық әдістемелер мен технологияларды қабылдауға мүмкіндік береді. Жағалау аймақтарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі операцияларға дайындықты арттыруға және серіктес елдердің әріптестерімен өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді, – деп түсіндірді капитан-лейтенант Жәнібек Салықбаев.

Сондай-ақ, су асты миналарын тазарту бойынша курстар халықаралық әскери ынтымақтастық аясында өткізілгенін атап өтеміз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -