Қазақстан құрамасы EuPhO-2025 Еуропалық физика олимпиадасына аттанды

2266
Фотосурет: Gov

13–17 маусым аралығында Болгарияның София қаласында Еуропалық физика олимпиадасы EuPhO-2025 өтеді. Олимпиадаға 30 елден 200-ден астам мектеп оқушылары қатысады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан құрамасына 2024–2025 оқу жылындағы Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері және физика пәні бойынша олимпиадалық резерв мүшелері енді:

Ілияс Қазымбек – Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы;

Роман Черемнов – Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;

Даниэль Тюлюбаев – Астана қаласындағы «Нұрорда» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;

Таир Абдикадыр – Қостанай облыстық «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

Алтаир Ақанов – Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы.

Қазақстан құрамасының жетекшілері:

Андрей Владимирович Сидоренко – жаттықтырушы, республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы;

Темірлан Айдарұлы Исмағұлов – жаттықтырушы, республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

Біздің командамызға сәттілік тілейміз!

Еуропалық физика олимпиадасы — ғылымға қызығушылығы бар, дарынды мектеп оқушыларына арналған халықаралық аймақтық жарыс. Өткен жылы Қазақстан құрамасы 2 күміс және 2 қола медаль иеленген болатын.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -