Қазақ таеквондошылары АҚШ-тағы турнирде маусымды медальмен бастады

1892
Фотосурет: Қазақстандық таеквондо федерациясы

Қазақстандық таеквондошылар АҚШ-та жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

АҚШ-тың Шарлотт қаласында таеквондодан  (WT) әлемдік Гран-при жарысының І кезеңі (2025 World Taekwondo Grand Prix Challenge) өтуде. Жарыстың екінші күнінде Қазақстан құрамасының қоржыны екі қола жүлдемен толықты. 

Ерлер арасында Тамирлан Тілеулес пен Батырхан Төлеуғали жеңіс тұғырына көтерілді. 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Тамерлан Тілеулес сенсация тіркеді. Ол қола жүлде үшін кездесуде Токио 2020 Олимпиадасының чемпионы италиялық Делль'Акуила Витоны 2:0 есебімен жеңді. Бұл Тамерлан үшін WT кезеңіндегі алғашқы жүлдесі болды. 

Ал 80 келіге дейін салмақ дәреженсінде даянгқа шыққан команда көшбасшысы Батырхан Төлеуғали жарыстың қола жүлдесін Чили өкілі Хоакин Черчилльмен сарапқа салды. 
Екеуара кездесу алғашқы раундта тең есеппен басталғанымен, отандасымыз екінші раундта сенімді түрде жеңісті жұлып алды. 

Сондай-ақ, қос жүлдеге ие болған отандастарымыз 2026 жылы Италияның Рим қаласында өтетін Гран-при жарысына жолдама жеңіп алды

Айта кетерлігі, бұл Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы күнтізбесіндегі Гран-при жарысының алғашқы кезеңі. Әлемнің 44 елінен жиналған 376 таеквондошы өзара мықтыны анықтауда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -