Табиғатты қорғау шаралары: Созақ ауданына 1,5 миллиард текше метрден астам су жіберілді

1298
Фотосурет: Gov

Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып, биыл сәуірдің соңына дейін жүргізілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Су Созақ ауданына ақпан айында жетті. Қажетті көлемді қамтамасыз ету үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі Қырғыз Республикасындағы әріптестерімен бірнеше келіссөз жүргізді.

Су ресурстары және ирригациясы министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасы бойынша «Қазсушардың» Жамбыл филиалы мен Шу-Талас бассейндік инспекциясының мамандары Шу өзені аңғарында мониторинг жүргізіп, табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу жұмыстарының нәтижесімен танысты. Жұмыс тобы Созақ ауданымен қатар, Жамбыл облысының Шу, Мойынқұм және Сарысу аудандарына да барды.

Мұндай көлемдегі су Созақ ауданына соңғы бес жылда алғаш рет жетіп отыр, сол себепті жергілікті тұрғындар министрлікке алғыс білдіріп жатыр.

«Аудан халқы атынан судың жеткізіліп жатқанына қуанышты екенімізді айтқым келеді. Аптап ыстыққа қарамастан, суды жеткізу бағытындағы жұмысты жалғастырып, өздеріңіз жергілікті жерлерге шығып, жағдайды бақылап отырғандарыңызға алғыс айтамыз», – деді Созақ ауданының тұрғыны Ришат Таңатов.

Биыл сондай-ақ Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасымен Шу өзенінен су Созақ ауданына жіберілетін Фурманов айналма каналын тазарту жоспарланып отыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -