Қытайдың экспорттық-импорттық банкі Қазақстандағы негізгі жобаларды қолдайды

1309
Фотосурет: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытай экспорт-импорт банкі басқармасының төрағасы Чэнь Хуайюймен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу барысында тараптар екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға байланысты бірқатар мәселені, сондай-ақ Қазақстан аумағында бірлескен инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыруға бағытталған шешімдерді әзірлеу жөніндегі алдағы қадамдарды талқылады.

Қытай экспорт-импорт банкінің көлік-логистикалық және өзге де инфрақұрылымды дамытуға бағытталған негізгі инвестициялық бастамаларды қаржыландыруға одан әрі қатысу перспективаларына ерекше назар аударылды.

Чэнь Хуайюй Қытай тарапының өзара мүдделерге жауап беретін және Қазақстанның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін жобаларға қолдау көрсетуге дайын екендігін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша Роман Скляр аталған жобаларды жүзеге асыру Қазақстан – Қытай ынтымақтастығын кеңейтуде маңызды фактор болатынына және екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікке жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -