Осы сенбіде, 21 маусым күні EXPO жазғы сахнасында рок фестиваль өтеді. Ашық аспан астындағы рок концертте «SARY», «The Champions» және «Хаслбэнд» топтары өнер көрсетеді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Концерттің басталуы сағат 19:00-де, кіру тегін.
IL’HAN-ның концерті
Бүгін, 17 маусымда Конгресс орталығында әнші IL’HAN-ның концерті өтеді.
Концерттің басталуы сағат 20:00-де, билетпен кіре аласыздар
M’dee-дің концерті
22 маусымда Конгресс орталығының сахнасында R&B орындаушысы M’dee-дің жеке концерті өтеді.
Концерттің басталуы сағат 20:00-де, билетпен кіре аласыздар
Бұған қоса EXPO аумағында демалыс күндерін белсенді өткіземін деушілер үшін роллердром бар. Роллердромның жұмыс кестесі: дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 14:00-ден 23:00-ге дейін, сенбі мен жексенбі аралығында сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін. Роликтерді жалға алу құны - 2000 теңге, ал өз роликтеріңізбен кіру тегін.
Сондай-ақ аумақта бірегей ойын алаңы орналасқан саябақ бар. Сонымен қатар EXPO аумағында келушілер үшін дәмханалар, мейрамханалар және жерасты тұрағы жұмыс істейді.
EXPO кешені – іскерлік және мәдени іс-шаралар аумағы.