Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті

1309
Фотосурет: ҚХА

17–18 маусым күндері Алматы қалалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің «Адал азамат – ұлт келбеті» тақырыбында V Республикалық форумы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Пономарев, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Анар Тәңірбергенова, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА қоғамдық құрылымдарының мүшелері және өңірлік ақсақалдар кеңестерінің төрағалары қатысты.

Форум аясында ҚХА XXXIV сессиясында берілген Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға қатысты мәселелер, Ассамблеяның 30 жылдық қызметінің қорытындылары, сондай-ақ Ақсақалдардың этносаралық келісімді нығайтудағы және жастарды дәстүрлі құндылықтар негізінде тәрбиелеудегі рөлі талқыланды.

Пленарлық сессияда «Адал азамат» жобасын ілгерілетуге, этномедиацияны дамытуға, Аналар кеңестерімен өзара іс-қимылға, сондай-ақ жастарды адамгершілікке және патриотизмге тәрбиелеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Форум тәжірибе алмасу, аймақтар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту және этносаралық бірлікті арттыру бағытындағы маңызды алаңға айналды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -