Алматыда ақсақалдар форумы өтті

1012
Фотосурет: Gov

Алматыда V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің «Адал азамат – ұлт келбеті» атты V Республикалық форумы өтті.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Пономарев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА қоғамдық құрылымдарының мүшелері және өңірлік ақсақалдар кеңестерінің төрағалары қатысты.

Форум аясында ҚХА XXXIV сессиясында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау мәселелері, Ассамблеяның 30 жылдық қызметінің қорытындылары талқыланды. Сондай-ақ этносаралық келісімді нығайтуда, жастарға дәстүрлі құндылықтарды дәріптеуде Ақсақалдардың рөлі сөз етілді.

Пленарлық сессияда «Адал азамат» жобасын жүзеге асыру, этномедиацияны дамытуға, Аналар кеңестерімен өзара байланыс орнату, сондай-ақ жастарды адамгершілікке және патриотизмге тәрбиелеу секілді мәселелерге ерекше назар аударылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -