Қазақстандық лоукостер FlyArystan жазғы маусымға арналған арнайы ұсынысты іске қосқанын хабарлайды: ZHAZ2025 промокодын енгізу арқылы әуебилеттерге 7% жеңілдік беріледі, деп хабарлайды DKnews.kz.
Науқан аясында Қазақстаннан Түркияға, Грузияға, Өзбекстанға және Қырғызстанға бағыттар қамтылады, сондай-ақ ішкі бағыт бойынша Атырау мен Ақтау арасындағы рейстерге де жеңілдік қолданылады.
ZHAZ2025 промокоды арқылы 7% жеңілдікпен билеттерді 2025 жылғы 19 – 22 маусым аралығында тек ресми сайтында немесе FlyArystan мобильді қосымшасында* сатып алуға болады.
Науқанға келесі бағыттар қатысады:
- Алматы – Ыстықкөл – Алматы
- Атырау – Ташкент – Атырау
- Қарағанды – Ыстамбұл – Қарағанды
- Ақтау – Ыстамбұл – Ақтау
- Ақтау – Кутаиси – Ақтау
- Атырау – Кутаиси – Атырау
- Шымкент – Кутаиси – Шымкент
- Астана – Бішкек – Астана
- Атырау – Ақтау – Атырау
Ұсыныс 2025 жылғы 19 маусымнан бастап орындалатын рейстерге қолданылады және саяхат бойынша шектеу қойылмайды (жарияланған рейс кестесіне сәйкес).
FlyArystan жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлап, тиімді бағада билеттерді брондауға кеңес береді. Әуебилет бағасына бір бағытқа арналған билет, салмағы 5 кг-нан және өлшемдері 56 × 23 × 36 см-ден аспайтын бір дана қолжүгі, сондай-ақ борттағы кездейсоқ орын кіреді. Қосымша қызметтерді жолаушылар FlyArystan ресми сайтынан немесе мобильді қосымшасынан рәсімдей алады.
*Бір брондаумен бірнеше жолаушы үшін 7% жеңілдікпен билеттерді ресми сайтында рәсімдеуге кеңес береміз. Мобильді қосымшада 7% жеңілдікпен билет сатып алу брондауда тек бір жолаушы болған жағдайда ғана қолжетімді.