Ұлттық ұлан қатары жас офицерлермен толықты

1309
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде ерекше миссия атқаратын Ұлттық ұлан сапы жаңа буын офицерлермен толықты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жуырда Петропавл қаласындағы әскери оқу ордасы — Ұлттық ұлан әскери академиясын тәмамдаған 30-ға жуық жас түлек алғашқы офицерлік шен — лейтенант атағын алып, қызметтік жолын ресми түрде бастады.

Олар бүгінде Ұлттық ұланның “Батыс” өңірлік қолбасшылығына келіп қосылып, үш күнге жалғасатын оқу-әдістемелік жиынға қатысып жатыр. Аталған жиын барысында офицерлерге жауынгерлік дайындық пен басқару бағытындағы тапсырмалар мен міндеттер нақты түсіндірілуде. Қорытындысында жас офицерлерді өңірлік қолбасшылыққа қарасты әскери бөлімдерге бөлу жоспарланған.

Бұл – олардың кәсіби қызмет жолындағы алғашқы маңызды қадамы болмақ. Жас лейтенанттардың бірі Азамат Зұлқарнаев алған әсерімен бөлісті:

Әскери оқу орнын ойдағыдай тәмамдап, енді міне Ұлттық ұлан қатарына қосылып отырмыз. Төрт жыл алған білімімізді тәжірибе жүзінде қолдануға, сарбаздарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, әскери тәртіпті нығайтуға бар күш-жігерімізді саламыз. Бұл – біз үшін үлкен жауапкершілік

Жас офицерлердің қатарға қосылуы – Ұлттық ұланның кадрлық әлеуетін арттырып, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қызметіне серпін беретіні сөзсіз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -