Ағымдағы жылдың 17 маусымында «Аухатты» автобақылау бекетінде темекінің заңсыз партиясы ұсталды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Мемлекеттік кірістер органдары мен шекара қызметінің бірлескен шараларымен Қырғызстаннан келе жатқан жүк автомашинасының жасырын бөлігінде 198 мың қорап "Oris"хабарланбаған темекі анықталды.
Темекі өнімдерінде акцизделетін өнім үшін көзделген сәйкестендіру құралдары жоқ.
Іс жүргізу шешімін қабылдау үшін барлық материалдар Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.
Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы тауарлардың заңсыз қозғалысын тоқтату мақсатында Шекара қызметімен бірлескен шаралар жалғасатынын хабарлады.