1848
Фотосурет: ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштерінің баспасөз қызметі

44813 әскери бөлімінде Ақмола, Түркістан облыстары мен Астана, Шымкент қалаларының Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінен келген 156 жас сарбаз Отан алдындағы қасиетті әскери анттарын қабылдады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл — әрбір жауынгер үшін елге адал қызмет етудің, азаматтық борышты абыроймен орындаудың үлкен бастамасы.

Салтанатты іс-шараға арнайы келген қонақтар — Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Нұртазин Асқар Айтмұхамбетұлы, Ақмол ауылының әкімі Дүйсекеев Жанат Төлеуұлы және Целиноград ауданының Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы Аппазов Зейголла Қабылдаұлы жас сарбаздарға жүрекжарды тілектерін арнап, ел қорғау жолында абыройлы қызмет, сәттілік пен қажыр-қайрат тіледі.

Салтанатты рәсім соңында Қатардағы жауынгер Жарылқап Арлан Көшербайұлы сарбаздар атынан сөз сөйлеп, ‘Отанға адал қызмет етеміз!’ деп ант берді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -