Тараз қаласында синтетикалық есірткі шығаратын жасырын зертхана жойылды

1639
Фотосурет: Gov

А.ж. мамырында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен Тараз қаласында синтетикалық есірткінің ірі жасырын өндірісін жою операциясын жүргізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Изъятые наркотические вещества

Тінту барысында 66 килограммнан астам мефедрон психотропты заты мен 2 тонна прекурсор, сондай-ақ есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдықтар табылды және тәркіленді.

Изъятие "мефедрона"

Қылмыстық кодекстің 297-1 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Изъятие прекурсоров

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -