Қазақстан Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты келіссөздер жүргізуге шақырды

1683
Фотосурет: Reuters/Dado Ruvic

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады. АҚШ пен Иран арасындағы соңғы әскери қимылдарға алаңдаушылық білдірген Қазақстан тарапы бұл әрекеттер бүкіл Еуразия аймағының қауіпсіздігіне кері әсер етуі мүмкін екенін ашық айтты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан – Каспий маңы елдерінің бірі және Иранмен түрлі бағыттарда тығыз қарым-қатынас орнатқан мемлекет. Сондықтан да еліміз Иран төңірегіндегі шиеленістерді тек дипломатиялық жолмен, диалог арқылы шешу қажет деп санайды.

«Біз ядролық қаруға қатысты кез келген мәселелер, сондай-ақ өзге де келіспеушіліктер Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы аясында бейбіт келіссөздер арқылы шешілуі тиіс деп есептейміз»  Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде 

Қазақстан барлық мүдделі тараптарды ядролық қарудың таралуын болдырмайтын және ядролық қарудан бас тартқан елдердің қауіпсіздігін нақты халықаралық кепілдіктермен қамтамасыз ететін жаңа келісімді шұғыл түрде әзірлеуге шақырады.

Бұл үндеу – еліміздің ядролық қарусыздану және бейбіт бастамаларды қолдау бағытындағы ұзақмерзімді ұстанымының жалғасы. Тәуелсіздік алған сәтте ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқан Қазақстан әлемге: қауіпсіздікті қарумен емес, сенім мен серіктестік арқылы да құруға болатынын дәлелдеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -