Алматыдағы NEW VISION 2025 форумы әлемнің түкпір-түкпірінен 10 000 кәсіпкерді біріктіреді

1573
Фотосурет: New Vision

21 маусымда Алматыда NEW VISION 2025 форумының таныстырылымы өтті. Форум 9–11 қазан аралығында өтеді және биылғы жылдың ең ірі бизнес оқиғаларының біріне айналмақ. Ұйымдастырушылар 10 000-нан астам қатысушыны — кәсіпкерлерді, инвесторларды, бизнес-клубтар мен халықаралық компаниялардың өкілдерін жинауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл таныстырылым жай ғана іс-шараның анонсы емес, New Vision атты жаңа кәсіпкерлер клубының алғашқы кездесуі болды. Мұнда іскерлік тәжірибе алмасу мен еркін форматтағы кездесулер енді тұрақты түрде ұйымдастырылмақ.

Спикерлер қатарында Қанат Көпбаев — New Vision кеңесінің төрағасы, Kusto Group компаниясының басқарушы директоры, YPO Kazakhstan мүшесі, Ларион Лян — IC-Group компаниясының теңқұрушысы, New Vision ұйымдастыру комитетінің мүшесі, Даурен Бимов — SMG холдингінің, SAF қоры мен KIT қауымдастығының негізін қалаушы, Дамир Аманжолов — кәсіпкер, ҚР Панкратион федерациясының вице-президенті секілді кәсіпкерлер жиналған. Форумның негізін қалаушы және бас директоры Мақсат Құрбенов сөз сөйледі:

«Біздің мақсатымыз — тек көпшілік жинау емес. Біз бұл форумды бағыт-бағдар алатын, серіктес табатын және бағытты тексеруге болатын орта ретінде құрып жатырмыз. New Vision миссиясы — кәсіпкерлерді шабыттандыру, біріктіру және дамыту. Біз сәнге айналған терминдер емес, шынайы стратегиялар туралы айтамыз. Бұл стратегиялармен 2026 жылға сенімді қадам жасауға болады»

Форумның басты тақырыбы — Future Ready. 2026 жылға арналған жаңашыл стратегиялар. Бұл тақырып — басқарушылық шешімдер мен өзгерістерге бейімделу қажеттігін көрсетеді: экономикалық трансформациядан бастап технологиялық серпілістерге дейін.

«New Vision еліміздің экономикасына тікелей әсер етеді: шетелдік сарапшылар келеді, бұл — елге назар аударудың бір жолы. Олар соңғы бизнес трендтерді, геосаяси контекстті бөліседі. Бұл қазақстандық кәсіпкерлерге нарықты түсінуге, тез бейімделуге көмектеседі. Мұндай алаңдар — бағыт-бағдар береді және жүйелі түрде өткізілуі тиіс» Қанат Көпбаев

Қазан айында өтетін форум аясында:

  • 50-ден астам іскерлік сессия;

  • 100-ден аса компания қатысатын бизнес-көрме;

  • халықаралық және өңірлік сарапшылар қатысатын панельдік пікірталастар;

  • арнайы форматтар: мастер-класстар, келіссөз аймақтары, инвесторлармен кездесулер.

Форум өтетін негізгі орындар - «Қазақстан» және Novotel қонақ үйлері, Абай алаңы және Республика сарайы. Барлық локациялар ортақ маршрутпен біріктіріледі.

Форумның биылғы ерекшелігі — қатысушыларға арналған мобильдік қосымшаның іске қосылуы. Қосымша арқылы жеке кесте құруға, кездесулер белгілеуге, контент ұсыныстарын алуға және ортақ онлайн-комьюнити бөлігі болуға болады. Бұл форум тек үш күндік іс-шара ғана емес, кәсіпкерлер қауымдастығын құру жолындағы қадам.

Басты хедлайнерлердің қатарында:

  • Джефф ХоффманBooking.com құрылтайшыларының бірі;

  • Макс ХоффманDisney мен Warner Brothers-тың бұрынғы басшысы;

  • Арсен ТомскийInDrive компаниясының негізін қалаушы.

Сонымен қатар, форум бағдарламасында — Александр Высоцкий, Михаил Гребенюк, Игорь Манн сынды бизнес-жаттықтырушылар мен сарапшылардың және қазақстандық кәсіпкерлердің қатысуымен өтетін сессиялар болады.

Форумға YPO Kazakhstan, KIT, Equium секілді жетекші аймақтық бизнес-клубтар қатысады. Әр клуб өзіне тән сессияларды ұйымдастырады, олар форум қатысушылары үшін ашық болады. Бұл — практикалық кейстерді талқылауға және жаңа серіктестіктерге мүмкіндік береді.

«Өмірімдегі барлық мүмкіндіктер адамдар арқылы келді — мықты менеджер болғаным үшін емес, жанымда сеніп, қолдау білдірген адамдар болғаны үшін. Былтыр New Vision-ға алғаш шақырғанда, бұл менің 700-ші сөз сөйлеуім болса да, қобалжығаным болды. Бірақ дәл осындай алаңдар — өсу нүктесі: сен жайлы аймақтан шығып, байланыс орнатып, өз қауымдастығыңды құра бастайсың. Нағыз нетворкинг дегеніміз — өзің тұрған нүктеге, жан-жағыңдағы адамдарға, отбасыңа, сенім артатын жақындарыңа шынайы қараудан басталады» Дамир Аманжолов

NEW VISION 2025 форумы екінші рет ұйымдастырылуда. Өткен жылы ол 30 елден 6 000-нан астам қатысушыны жинап, цифрлық технологиялар, инвестициялар, адами капитал және кәсіпкерлік көшбасшылық тақырыптарын талқылау алаңына айналды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -