Билет алаяқтары – ойлағаннан да жақын

Фотосурет: Getty Images

Билеттерді тек ресми сайттардан сатып алу неге маңызды және алаяқтардың құрбаны болмас үшін не істеу керек?

Қазақстанда концерттік шаралар жұртшылықты таң қалдыруын және қуантуды жалғастыруда. Биыл еліміздің тұрғындары мен қонақтары Алматы мен Астанада өткен “Руки вверх” тобының үлкен концерттері, Сергей Лазаревтің жеке концерті, “Градусы” дуэтінің, Willy William мен Zvonkiy орындаушыларының “Рахат Фест” аясындағы өнер көрсетулері, сондай-ақ аңызға айналған 30 Seconds to Mars тобының концертінен ләззат алды.

Жыл соңына дейін де қазақстандықтарды Дженнифер Лопес, Limp Bizkit тобы, рок-әнші Marylin Manson, британдық орындаушы Робби Уильямс сынды жұлдыздардың концерттері күтіп тұр. Әдетте мұндай шараларға билеттер 2-3 ай бұрын сатыла бастайды, бұл көрермендерге қаржысын жоспарлап, қажет болса жол жүру бағытын реттеуге мүмкіндік береді. Себебі, кей концерттерге өзге қалалардан және тіпті басқа елдерден де адамдар келеді. Қазақстандағы негізгі билет сату операторы — Freedom Ticketon.

Алайда барлық адам билетті алдын ала алып үлгермейді. Көпшілік кейін интернеттегі жеке хабарландыруларға жүгініп, «жеке тұлғалардан» билет сатып алады. Мұндай билеттердің бағасы ресми сату кезіндегі бастапқы бағадан әлдеқайда жоғары болса да, адамдар мұны елемейді. Бірақ бұл шешім оларды жиі алаяқтардың құрбанына айналдырады.

Алматылық Гүлнұр мұндай алаяқпен араласудың барлық «артықшылығын» бастан өткеріп, ақшасынан да, билеттен де айырылғанын айтады.

«Біз барғымыз келген концертке билеттер тез өтіп кеткен. Перекупщик сенім ұялатты: QR-коды бар нағыз билеттердің суретін жіберді, сыпайы сөйлесті, бәрін түсіндірді», – дейді ол.

Гүлнұрдың айтуынша, адамдар билетті алыпсатарлардан ақша үнемдеу үшін емес, басқа амал қалмаған соң сатып алады.

«Біз құрбыларымызбен өзімізге қуаныш сыйлағымыз келді, бірақ ақыры алаяқтың құрбаны болдық», – дейді ол.

Оның кеңесі – интернеттегі, мессенджерлердегі хабарландыруларға сенбеу және билеттерді тек ресми сайттардан алу.

«Біреу жеңілдік ұсынып тұрса да – ресми сайттан алған жақсы, әйтпесе бәрінен айырыласыз», – деп кеңес береді ол.

Ол атап өткендей, мұндай жағдайда ақшаны қайтару мүмкіндігі өте аз.

«Мен ақшаны адамға тікелей аудардым. Банк бұл операцияның өз еркіммен жасалғанын, ал платформаның қорғалмағанын айтып, ақшаны қайтарудан бас тартты», – дейді ол.

Полицияға шағымдануға болады, бірақ істің соңына дейін жететініне еш кепіл жоқ. “Сатушы” билеттерді концертке дейін жіберуге уәде берген, бірақ соңғы сәтте байланысқа шықпай қойған. Нәтижесінде, Гүлнұр мен құрбылары концертке кіре алмады.

Мұндай жағдайлар сұраныстың жоғары болуына байланысты туындайды, адамдар асығып, сақтығын жоғалтады. Еуразиялық тұтынушылар одағының басқарма төрайымы Светлана Романовскаяның айтуынша, алыпсатарлардың түрі көп – бірі билеттерді сатылым басталғанда сатып алып, қымбатқа сатады, ал енді бірі мүлде болмаған іс-шараға билет “ұсынады”.

Ол ұйымдастырушылар мен сату платформалары туралы ақпаратты мұқият тексеруге кеңес береді.

«Ресми сайттарда әдетте тур кестесі, кері байланыс нөмірлері, ыстық желі көрсетіледі. Егер мұның бірі болмаса – сіз алаяқ сайтқа тап болған шығарсыз», – дейді ол.

Билет үшін төленген ақшаны қайтару, егер сіз оны алаяқтан алсаңыз, оның айтуынша, өте қиын.

Бұл пікірді Н.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры да қолдайды. Театрдың билет шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі Виолетта Печкунова:

«Билетті тек ресми арналар арқылы алу керек. Көшеде, әлеуметтік желіде, мессенджердегі хабарландырулар арқылы алуға болмайды», – деп кеңес береді.

Оның айтуынша, билеттердің алыпсатарлар қолына өтуінің басты себебі — танымал қойылымдарға деген жоғары сұраныс. «Кей спектакльдерге билеттер санаулы сағатта өтіп кетеді. Ресми сату аяқталған соң, адамдар жалғыз амал ретінде алыпсатарларға жүгінеді», – дейді ол.

Алайда мұндай қадамның қаупі жоғары.

«Алыпсатарлар билетті бірнеше есе қымбат сатады. Олар билет түпнұсқалығына кепілдік бермейді. Адам жалған билетпен келіп, залға кіре алмай қалады. Шара өтпей қалса немесе күні өзгерсе – алыпсатардан алған билетке ақша қайтарылмайды. Бұл жағдайда театр да, ұйымдастырушылар да жауап бермейді», – деп ескертеді маман.

Мұндай «сатушылардың» әрекеті тек көрерменге емес, театрлардың да беделіне кері әсер етеді, – деп атап өтті ол.

Билеттерді сатып аларда сайтты мұқият тексеруге кеңес береді OneHub платформасының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Павел Иваний.

«Бұрын маған ресми сайттан бір әріппен ғана айырмашылығы бар сайттар кездескен. Менің әріптестерім сондай сайттарға тап болып, ақшасынан айырылды. Google-де “концертке билет сатып алу” деген сұраныспен іздегенде де күмәнді агрегатор-сайттар шығып кетуі мүмкін», – дейді ол.
«Бірде бір туристік агенттіктің сайтынан күмәнді белгілерді байқадым. Сол себепті мен әрқашан сайтты тексеруге, пікірлерді оқуға және билетті тек ресми платформадан алуға кеңес беремін», – деп бөлісті маман.

Заңгерлер де алыпсатарлардан билет алудың қаупін ескертеді. Әдетте олар алдын ала көп мөлшерде билет алып, концерт жақындағанда қымбат бағада сатады. Кейбір алаяқтар жалған билетті төмен бағада ұсынады.

«Көп адам ойланбастан соны алады да, ақыры билетсіз және ақшасыз қалады», – дейді заңгер кеңесші Әлібек Төкебаев.

Ол билетті алдын ала және тек ресми сайттан алуға кеңес береді.

«Егер сізге хабарландыру арқылы билет ұсынса, сатушының жеке басын анықтауға тырысыңыз: жеке куәлігін сұраңыз. Қазақстан банктерінің мобильді қосымшасы арқылы телефон нөміріне ақша аудару — артықшылық. Егер билет жалған болса, полицияға арыз жазу кезінде ақшаның кімнің шотына түскенін анықтауға болады», – дейді ол.

Көптеген ерекше іс-шаралар тек көрермендердің ғана емес, алаяқтардың да қызығушылығын арттырады.

@weproject.media

Freedom Ticketon компаниясының бас директоры Виктория Торгунакова: «Ең көп күтілетін концерттер алдында біз әрдайым қолданушыларымызға ескерту жасаймыз — күмәнді хабарламаларға, жарнамаларға сенбеңіздер, ресми емес сайттардан сақ болыңыздар. Билет сатып алу — бірінші кезекте өз жауапкершілігіңіз. Біз сіз сияқты концерттен тек жақсы әсер алсаңыз екен дейміз. Билет сатып аларда барынша мұқият болыңыздар. Себебі сіздің алған әсеріңіз — біз үшін де ең құнды ресурс», – деп түйіндеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -