Қытайдан Қазақстанға келетін туристер саны 86%-ға артты: мұндай танымалдықтың себебі неде?

1419
Фотосурет: pixel2013 / pixabay.com

Қазақстан қытайлық саяхатшылар үшін тартымды туристік бағыт ретінде өз позициясын нығайтуда. Ірі қаржылық «SINA Finance» басылымының деректері бойынша жыл басынан бері Қытайдан Қазақстанға әуе билеттерін брондау 86% артқан, деп хабарлайды DKnews.kz.

2023 жылмен салыстырғанда қытайлық туристердің Қазақстанда жұмсаған қаржылары 87% арта түсті. ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, 2024 жылы ҚХР келген қонақтар 307 миллион АҚШ долларына тауарлар мен қызметтер сатып алған.

Туристік белсенділіктің артуына визасыз режим, елдер арасындағы көлік қатынасының дамуы және Қазақстанның туристік әлеуетін Қытай нарығында жүйелі түрде ілгерілету жұмыстары өз ықпалын тигізді.

«Біз Қытай нарығында еліміздің туристік мүмкіндіктерін белсенді түрде ілгерілетіп, жетекші туристік компаниялармен ынтымақтастықты нығайтудамыз. Биыл  ҚХР жетекші онлайн-туроператорлардың бірі саналатын Tongcheng Travel компаниясынан «2025 жылдың ең перспективалық жаңа бағыты» марапатын иелендік. Өткен жылы осы платформада Қазақстанға сапарларға деген сұраныстың 300% артқаны тіркелді»  «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Даниел Сержанұлы 

SINA Finance «Орталық Азия – Қытай» саммитінде белгіленген бағыттар Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы қысқа қашықтықтағы трансшекаралық және шекара маңындағы туризмнің ұзақ мерзімді дамуына оң әсер ететінін атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -