Қостанайлық оқушы Росатомның қолдауымен ұйымдастырылған "Білімге құштар" халықаралық жобаның жеңімпазы атанды, деп хабарлайды DKnews.kz.
20 маусымда Мәскеуде "Росатом" мемлекеттік корпорациясының қолдауымен ұйымдастырылған "Білімге құштар" халықаралық ғылыми-ағарту жобасының алтыншы маусымының финалы өтті. Биыл оған 20 елден 4 мыңға жуық оқушы қатысты. Жеңімпаздар қатарына Қостанай қаласынан Лидия Осенникова кірді. Ені ол 2025 жылғы тамызда өтетін бірегей арктикалық экспедицияда "Жеңіске 50 жыл" атом мұзжарғышының бортында Қазақстанды таныстырады.
Лидия үш кезеңнен сүрінбей өткен 20 шетелдік қатысушының бірі болды. Ол өзінің видео таныстырылымында Қазақстан үшін аса маңызды мәселелерді қозғап, атом технологияларының аграрлық және экологиялық міндеттерді шешуге қалай көмектесетінін көрсетті.
Халықаралық байқау 2025 жылдың 28 сәуірінде goarctic.energy сайтында басталып, 3 кезеңде өтті. Бірінші кезеңде шетелдік қатысушылар ғылыми викторинадан өтті. Екінші кезеңде оларды арктикалық кеме қатынасын қауіпсіз дамыту үшін қолданылатын технологияларды қоса алғанда, "Росатомның" серпінді технологиялары тақырыптары бойынша вебинарлар сериясы күтіп тұрды. Бейнематериалдарды көргеннен кейін әр қатысушы алған білімдерін тексеріп, реферат толтыруы керек еді. Байқау финалында көп ұпай жинаған үміткерлер бейне таныстырылым форматында атомдық технологиялар өз елдеріндегі өмірді қалай жақсы жаққа өзгерте алатыны туралы өз идеяларын ұсынды. Шығармашылық тапсырмаларды халықаралық қазылар алқасы бағалады. Оның құрамына "Білімге құштар — 2024" экспедициясының, ИТЭР жобалау орталығының, Ресей кванттық орталығының, "Атомфлот" ФМУК және т.б. сарапшылар кірді. Жеңімпаздарды таңдаудағы негізгі факторлар тақырыптың мазмұнды толықтығы мен ашылуы, сондай-ақ материалды ұсынудың өзіндік ерекшелігі мен шығармашылығы болды. Кейбір қатысушылар өз елінінің атынан Солтүстік полюске табаны тиген алғашқылардың бірі болмақ.
"Росатомның" алтыншы "Білімге құштар" экспедициясы Ресейдің атом өнеркәсібінің 80 жылдығына және Ресейдің солтүстік теңіз жолын игеруінің 500 жылдығына арналған. Солтүстік полюске барлығы 14-16 жас аралығындағы 65 оқушы барады: олар ресейдің ашық және халықаралық іріктеу бәсекесінің, сондай-ақ басқа да федералды, аймақтық және салалық конкурстар мен жобалардың жеңімпаздары.
Экспедиция 2025 жылдың тамызында өтеді.
"Білімге құштар" халықаралық ғылыми-ағарту жобасының алтыншы маусымында жеңімпаз атанғандардың толық тізімі polus.atom.online және goarctic.energ сайттарында жарияланған.
Анықтама үшін:
"Білімге құштар" ғылыми-ағарту жобасын "Росатом" мемлекеттік корпорациясының қолдауымен Атом энергиясы жөніндегі ақпараттық орталықтар желісі (ИЦАЭ) ұйымдастырды. Ол атом саласының жаратылыстану-ғылыми пәндері мен технологияларын насихаттауға, талантты және дарынды балаларды іздеуге және қолдауға, олардың қабілеттерін дамытуға және кәсіптік бағдарлауға бағытталған. Жобаға әлемнің түкпір-түкпірінен 14-16 жас аралығындағы оқушылар қатысады. Олардың ең үздігі "Жеңіске 50 жыл" атом мұзжарғышының бортына мініп, Солтүстік полюске "Росатомның" ғылыми-ағарту экспедициясына барады.
Жоба қолға алынған уақыттан бергі барлық кезеңінде "Росатомның" арктикалық экспедицияларына 350-ден астам дарынды оқушы қатысты.
"Білімге құштар — 2025" жобасы Ресейдің солтүстік теңіз жолын игере бастауының 500 жылдығын мерекелеу дайындығының іс-шаралар жоспарына кіреді. Солтүстік теңіз жолы (СТЖ) – Еуразияның батыс бөлігі мен Азия-Тынық мұхиты аймағы арасындағы ең қысқа кеме қатынасы жолы және Ресейдің тарихи қалыптасқан ұлттық көлік жолының күре тамыры. Солтүстік Мұзды мұхит теңіздеріндегі маршрут туралы алғашқы жазба 1525 жылдан басталады. Сол кезде орыс дипломаты Дмитрий Герасимов оны Ресей мен Қытай арасындағы теңіз байланысы үшін пайдалану идеясын алға тартты. Осы сәттен бастап сібір теңіз жолының ресейлік даму тарихы басталды. 2025 жылы оған 500 жыл толып отыр.
Ресей - әлемдегі атомдық мұзжарғыш флоты бар жалғыз ел. Флот операторы "Атомфлот" ФМУК "Росатом" мемлекеттік корпорациясының кәсіпорны болып табылады. Бүгінгі таңда "Атомфлот" ФМУК мұзжарғыш флотының құрамында сегіз атомдық мұзжарғыш бар.
2025 жылы Ресей атом өнеркәсібінің 80 жылдығын атап өтеді. КСРО атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануда алғашқылардың бірі және әлемдік көшбасшы болды: отандық атомшылар әлемдегі алғашқы атом электр стансасын (1954, Обнинск) салды. Арктиканы бағындырушыларға көмектесу үшін алғашқы атом мұзжарғышы (1959, "Ленин") жасалды. Бүгінгі таңда "Росатом" әр түрлі салаларда озық технологияларды әзірлеуді және енгізуді жалғастыруда. Мемлекеттік корпорация әлемнің ондаған елдерінде жүздеген миллион адамды таза энергиямен қамтамасыз ететін атом электр стансаларын салып қана қоймай, сонымен қатар Солтүстік теңіз жолының логистикалық тірек жұмысын қамтамасыз етеді. Жаңа материалдар жасайды, ядролық медицинаға арналған препараттарды әзірлейді және шығарады. Мерейтойлық жылдың лейтмотивін үш сөз анықтайды: мақтаныш, шабыт, арман. Атомшылар саланың негізін қалаған алдыңғы буын өкілдерін мақтан тұтады. Олар алдыңғы ұрпақтардың жетістіктерінен шабыттанады. Олар осы саланың шекарасын кеңейтіп, жаңа мүмкіндіктерді бағындыруды жоспарлап отыр. Саланың 80 жылдығы аясында бірқатар іс-шараларды атап өту жоспарлануда. Олардың ең бастысы күзде Мәскеуде өтетін World Atomic Week халықаралық форумы болмақ.
"Росатом" және оның кәсіпорындары білім беру, ғылыми-ағарту және мәдени бастамаларды қолдау мен дамытуға ерекше назар аударады. Олар сондай-ақ ресейлік жоғары оқу орындарында базалық кафедраларды құруға, стипендиялық қолдау бағдарламаларын, ауқымды білім беру жобаларын іске асыруға, студенттер үшін тәжірибе мен тағылымдаманы ұйымдастыруға, содан кейін оларды жұмысқа орналастыруға қатысады.