23 маусым 2025 жылы Астана қаласында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы мен «Digital Silk Road Company» ЖШС өкілдері Қытайдың Polyking New Horizons Technology Industry Co., Ltd. квазимемлекеттік компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Кездесу барысында екі тарап «Digital Silk Road Company» ЖШС мен Polyking New Horizons Technology Industry Co., Ltd. арасындағы ынтымақтастықтың болашақ бағыттарын, сонымен қатар Қазақстанның шекаралас аймақтарына инвестиция тарту жөніндегі бірқатар жобаларды талқылады.
Кездесудің негізгі тақырыбы көлік-логистикалық әлеуетті дамыту және өзара сауданың тұрақты өсуін қамтамасыз ету мәселелері болды.
Қатысушылар логистикалық инфрақұрылымды цифрландырудың маңыздылығын ерекше атап өтіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін талқылауды жалғастыруға деген қызығушылықтарын білдірді. Бұл қадам цифрлық Жібек жолын дамыту мен кеңейтуге бағытталған.