Астаналық тұрғын заңсыз жолмен пайда табу үшін «Instagram» әлеуметтік желісінде «Бинго» ойынын тікелей эфирде жүргізген, деп хабарлайды DKnews.kz.
Ойын шарттарына сәйкес, тікелей эфирде бәс тігу сомалары әртүрлі ақшалай қаражатты құрап, қатысушылардың арасынан жеңімпазды анықтап, оған ұтысты телефон номері арқылы жолдаған.
Қылмыстық әрекеттің нәтижесінде 90,6 млн теңге табыс тапқан.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсі туралы сотқа жеткілікті дәлелдемелер ұсынды.
Сот үкімімен оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.