2025 жылдың бес айында ҚТЖ желісі бойынша Қытай бағытында 1,6 млн тонна астық жүктері (астық, ұн, құрама жем) тасымалданды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46% артық, деп хабарлайды DKnews.kz.
Жөнелтілген астық көлемі 328 мың тоннаны құрады, оның 239 мың тоннасы контейнерлерде тасымалданды. Алтынкөл шекаралық өткелі арқылы 155 мың тонна, Достық станциясы арқылы 173 мың тонна шығарылды. Жөнелтілген ұнтақ өнімдерінің көлемі 179 мың тоннаны құрады, оның 112 мың тоннасы — контейнерлерде.
Қосылған құны жоғары қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауда тұрақты оң динамика байқалады. ҚХР-ға құрама жем тасымалдау көлемі 1,1 млн тоннаға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 5 есе артық. Тасымалданған жүктердің негізгі үлесі контейнерлік жөнелтілімдерге тиесілі болды.
Астық маркетинг жылының қорытындысы бойынша (2024 жылғы қыркүйек — 2025 жылғы мамыр) Қытайға астық жүктерін тасымалдаудың жалпы көлемі 2,7 млн тоннадан асты, бұл 2023-2024 маркетинг жылдарғымен салыстырғанда 22% артық. Астық көлемі 920 мың тоннадан астам болса, оның 600 мың тоннадан астамы контейнерлерде тасымалданды. Ұнтақ өнімдерін тасымалдау көлемі 282 мың тоннаны құрады. Осы кезеңде 1,5 млн тонна құрама жем тасымалданса, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5 есе көп. Оның 1,4 млн тоннасы контейнерлерде жеткізілді, бұл өткен жылғы деңгейден 5,7 есеге жоғары.
ҚТЖ Қазақстан мен ҚХР арасындағы тұрақты теміржол тасымалын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.