Несиелік тарихыңызды қайдан және қалай білуге болады

2189
Фотосурет: @katemangostar / freepik

Кредиттік тарих – бұл жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның атына ресімделген барлық кредиттер мен қарыздар туралы, сондай-ақ олардың уақтылы қайтарылуы туралы ақпаратты қамтитын ресми құжат, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кредиттік тарихты қалыптастыру бірінші қарыз ресімделген сәттен басталады. Бұл банктердің, микроқаржы ұйымдарының және басқа қаржы институттарының жаңа кредиттік өтінімдерді қарау кезінде төлем тәртібін бағалау үшін қажет.Оң кредиттік тарихтың болуы болашақта қарыз алу мүмкіндігін арттырады, кредит берудің неғұрлым тиімді талаптарына сенуге мүмкіндік береді.

Қазақстанның әрбір азаматы күнтізбелік жылда бір рет өзінің дербес кредиттік есебін тегін алуға құқылы. Сол жылы қайта сұрау салу ақылы болады.

Есепті мынадай тәсілдермен алуға болады:

  • Бірінші кредиттік бюроның сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы;
  • eGov.kz порталы арқылы;
  • ХҚКО,«Қазпошта» бөлімшелерінде және Бірінші кредиттік бюроның кеңсесінде;
  • Мемлекеттік кредиттік бюро арқылы.

Егер сіз өзіңіздің кредиттік есебіңізде дәйексіз деректерді – мысалы, өтелген қарыз немесе толық төленген кредит бойынша төлем мерзімін кешіктіру туралы жазбаны байқасаңыз, міндетті түрде тиісті банкке немесе МҚҰ-ға хабарласыңыз. Шағымдарыңызды тиісті құжаттармен растаңыз.

Дәйексіз ақпаратты Fingramota.kz сайты арқылы да даулауға болады: «Өнімдер мен қызметтер» бөліміне өтіңіз, содан кейін – «Кредиттік тарихтағы ақпаратты даулау», ЖСН мен телефон нөмірін көрсете отырып, арнайы нысанды толтырыңыз. Жобаны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Бірінші кредиттік бюромен бірлесіп іске асырады.

Қаржылық қауіпсіздікті арттыру және ықтимал алаяқтық әрекеттерге уақтылы ден қою үшін «Кредиттік тарихты бақылау» қызметін қосу ұсынылады. Бұл сіздің кредиттік тарихыңыздағы кез келген өзгерістер кезінде – жаңа қарыздар,  төлем мерзімін кешіктірулер, берешектің өзгеруі және басқа оқиғалар туралы хабарлама алуға мүмкіндік береді. Қызметті eGov.kz порталы,  Бірінші кредиттік бюроның сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы қосуға болады.

Өзге де пайдалы материалдармен Fingramota.kz сайтынан таныса аласыздар.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -