Қазақстанны беделді математика олимпиадасында кім таныстырады?

1485
Фотосурет: @oqu_agartu

2025 жылғы 24–29 маусым аралығында Солтүстік Македонияның Струга қаласында жасөспірімдер арасындағы математикадан Балқан олимпиадасы (JBMO) өтеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Беделді жарысқа Албания, Босния және Герцеговина, Болгария, Кипр, Грекия, Молдова, Черногория, Румыния, Сербия, Македония және басқа да 20-дан астам елден 16 жасқа толмаған оқушылар қатысады.

Қатысушылардың қатарында — еліміздің ұлттық құрамасы да бар.

Географиялық тұрғыдан Балқан өңірінен тыс орналасқанына қарамастан, Қазақстан 2004 жылдан бері JBMO-ға қонақ ел мәртебесінде тұрақты түрде қатысып келеді.

Еліміздің намысын республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарынан құралған алты үздік оқушы қорғайды: Нұртай Мәлік (9-сынып, «Білім-инновация», Ақтөбе қ.), Ануар Ағыбаев (9-сынып, Nurorda, Алматы қ.), Александр Олейников (9-сынып, Nurorda, Алматы қ.), Жәңгір Булат (8-сынып, РФМШ, Алматы қ.), Батырхан Бейганов (9-сынып, РФМШ, Алматы қ.), Мирас Кенесбек (9-сынып, «Білім-инновация», Қарағанды қ.).

Құраманың жетекшілері - Сергей Полянских және Перизат Саутбекова.

Еске сала кетейік, 2024 жылы Түркияның Анталья қаласында өткен олимпиадада Қазақстан құрамасы 6 медаль — 2 алтын, 3 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алған болатын.

Қазақстандық жас математиктерге сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз!

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -