Данияр НӘСІПОВ KAZENERGY қауымдастығы төрағасының мұнай-газ саласын дамыту және талдамалық сүйемелдеу жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Жаңа қызметінде ол саланы дамыту мақсатындағы стратегиялық шешімдер әзірлеумен, талдамалық қолдауды күшейтумен және KAZENERGY-дің негізгі бастамаларын ілгерілетумен айналысады. Мұнда инвестициялық тартымдылыққа, тұрақты дамуға және халықаралық серіктестермен диалогқа ерекше назар аударылатын болады.
Данияр бұған дейін KAZENERGY атқарушы директоры қызметін атқарған, оған қоса Қауымдастықпен бірлескен жоба – Қазақстанның отын-энергетикалық кешені үшін сараптамалық қолдау мен талдауды қамтамасыз ететін Еxia (www.exia.kz) талдау орталығының бас басқарушы серіктесі болып табылады.