Рүстем Серғалиев KAZENERGY қауымдастығының атқарушы директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Рүстем Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі. Ол өзінің кәсіби еңбек жолын 2014 жылы «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамында (қазір – ҚР ОЭК АТО) бастады.
2016 жылдан бастап жұмысын KAZENERGY қауымдастығында жалғастырып, Техникалық реттеу департаментінің менеджері қызметін атқарды. Одан кейінгі жылдары Мұнай-газ саласын дамыту департаментіне ауысып, бас менеджерден департамент директорына дейінгі жолдан өтті.
Департамент басқарған кезеңде ол заңнамадағы өзгерістерді белсенді талдап, нормативтік-техникалық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірледі және мұнай-газ секторының тиімділігі мен орнықты дамуын арттыруға бағытталған жобаларға бастамашылық жасады.