Қазақстандық банктер несие беруді арттырды

1441
Фотосурет: freepik

2025 жылдың мамырына қарай Қазақстан банктерінің несие портфелі 37,3 трлн теңгеге жетті. Бір айда өсім 1,5%-ды, жыл басынан бері 3,9%-ды, ал бір жылда, яғни, 2024 жылғы 1 мамырға қарай 21,2%-ды құрады. Айта кетерлігі, барлық несие портфелінің 93%-дан астамы еліміздегі ең ірі он кредит беруші банкке тиесілі.

Осы үздік 10 банктің ішінде ел экономикасына кредит беру өсімі бойынша ForteBank көш бастап тұр, ол несие портфелінің өсімі бойынша қалған ЕДБ-дан алда келеді: бір айда (плюс 9,7%, 2,5 трлн теңгеге дейін), жыл басынан бері (плюс 29,6%), сондай-ақ жылдық динамикада (плюс 46,8%). Бұл көрсеткіштер банктің кредит беруді тұрақты әрі сенімді түрде арттырып жатқанын айғақтайды. Бұл орайда ForteBank портфелінің сапасы іс жүзінде мінсіз күйінде қалып отыр және бір жыл ішінде жақсара түсті: мерзімі ұзақ — 90 күннен астам өтіп кеткен кредиттердің үлесі (NPL 90+) мамыр айына қарай небәрі 2,8%-ды құрады, аталған көрсеткіш бір жыл бұрын 3,8% болды. Салыстырмалы түрде алғанда, банк секторындағы орташа көрсеткіш 3,4%-ды құрайды.

Мұндай жағдай банктің сақтыққа негізделген, тәуекелге бейімделген кредит беру моделінің, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға кредит беруге басымдық беруінің нәтижесінде қалыптасып отыр. Мәселен, банктің тоқсандық есебінде келтірілген деректерге сәйкес ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша банк қарыздарының 58,2%-ы ірі, орта және шағын бизнеске берілген. Сонымен қатар ForteBank бизнеске берілген қарыздардың 45,4%-ын ШОБ-қа бағыттаған. Толық 2024 жылдың қорытындысы бойынша бизнеске берілген қарыздар барлық кредит көлемінің 62%-ын құраса, ШОБ-қа қаржы институтының бизнес-кредиттерінің 46,8%-ы тиесілі болды. Салыстыру үшін айта кетсек, жалпы ҚР экономикасына кредит беру аясында бизнеске берілген қарыздар еліміздегі банктердің жалпы несие портфелінің небәрі 42%-ын ғана құрайды.

Осылайша, ForteBank бизнеске және жалпы алғанда нақты экономикалық секторға кредит беруге жоғары қолдау көрсетіп отырған қаржы институты ретінде ерекшеленеді. Сондай-ақ банк бұл салада көптеген жылдар бойы кәсіпкерлікті дамыту институттарымен, атап айтқанда, «Даму» қорымен ынтымақтастық орнатып келеді. Мәселен, биыл «Даму» және ForteBank бизнесті қолдау бойынша бірлескен бағдарламаны іске қосты, оның аясында кәсіпкерлер кепілзаты жеткіліксіз болған жағдайда да кредит ала алады — қор мұндай қарыздар бойынша 85%-ға дейін кепілдік береді. Бағдарлама экономиканың нақты секторын қаржыландыруға бағытталған және компанияларға даму, айналым қаражатын толықтыру және ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру үшін қаражат тартуға көмектеседі. Оны жүзеге асыруға ForteBank 25 млрд теңге бөлді.

Еліміздің ірі банктері арасында ай сайынғы өсім бойынша екінші орынға Freedom Bank орналасты: плюс 2,2%, 878,3 млрд теңгеге дейін. Банк көрсеткіші жыл басынан бері 10,2%-ға, бір жылда 37,4%-ға артты.

Көшбасшылардың үштігін Kaspi Bank түйіндейді: бір айда плюс 1,5%, 6,5 трлн теңгеге дейін. Жыл басынан бері банктің несие портфелі 7,5%-ға, бір жылда 34,3%-ға өсті.

Кредиттердің ай сайынғы өсімі бойынша үздік бестікке тұрғын үй құрылыс жинақтары және тұрғын үй қарыздары жүйесіне маманданған Отбасы банк (плюс 1,4%, 3,5 трлн теңгеге дейін) және Bank RBK (плюс 1,2%, 1,1 трлн теңгеге дейін) кірді.

Жалпы алғанда, үздік 10 кредитор банк бір айда жиынтық кредит көлемін 1,3%-ға, 34,7 трлн теңгеге дейін ұлғайтты. Жыл басынан бері көрсеткіш 3,7%-ға, бір жылда 20,5%-ға артты.

Жалпы сектор бойынша мерзімі өткен NPL 90+ берешек, жоғарыда айтылғандай, 3,4%-ды құрады — ағымдағы жылдың басында 3,05%-ға және бір жыл бұрын 3,1%-ға тең болған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -