2025 жылдың маусым айында Степногорск қаласындағы Ұлттық ұланның 3517 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін абыроймен аяқтаған сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Салтанатты іс-шара барысында сарбаздарға алғыс айтылып, олардың Отан алдындағы адал қызметі ерекше атап өтілді. Бір жыл бойы әскери тәртіп пен ел қорғаны болу жауапкершілігін арқалаған 90-нан астам жауынгер енді туған үйлеріне – ата-анасы мен жақындарына оралуда. Сонымен қатар 20 дан астам жас сарбаздарға білім гранттары табысталды.
Шара аясында бөлім басшылығы мен командирлер сөз сөйлеп, сарбаздарға жылы лебіздерін білдірді. Олар әскери өмірде алған тәжірибе мен тәртіптің азаматтық өмірде де маңызды болатынын айтып, алдағы өмірлеріне сәттілік тіледі.
Сарбаздар үшін ұйымдастырылған кеште өнерпаздар концерттік бағдарлама ұсынып, әскерилер көтеріңкі көңіл сыйлады. Іс-шара соныңда сарбаздар естелік фото суреттерге түсті.
Әскери борышын өтеп, нағыз ерлік пен жауапкершілік мектебінен өткен жастар – еліміздің тірегі, болашағының кепілі.