Huawei мен Қазақстан Энергетика министрлігі энергетика саласын цифрландыру туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Астанада өткен Өңірлік энергетикалық форум аясында тараптар саланы цифрлық трансформациялау бойынша бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты: ЖИ, Big Data, IoT, бұлттық шешімдер мен энергия сақтау жүйелерін енгізу көзделуде.
Мақсат – Қазақстан энергетикасының энергия тиімділігін, сенімділігін және экологиялық тазалығын арттыру.
Бұл – Қазақстанның орнықты, «жасыл» әрі цифрлық энергетикаға қадам басуының айқын көрінісі.